Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

28 маусым – байланыс және ақпарат саласы еңбеккерлерінің кәсіби мерекесі

28 маусымда Байланыс және ақпарат еңбеккерлерінің күнінде еліміздің БАҚ өкілдері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың бұқаралық ақпарат құралдары – бұлар «Шығыстың аймақтық жаршысы» ғылыми журналы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде), басылымға биыл 18 жыл толады, «Имидж ВКГУ» газеті (қазақ, орыс тілдерінде), оған биыл 27 жыл толады және университеттің ресми сайты (қазақ, орыс, ағылшын, неміс, қытай тілдерінде), оған 12 жыл. Сонымен қатар, университет парақшалары әлеуметтік желілерде – Твиттер, Фейсбукте бар, You Tube бейне хостингінде арнасы бар.  

Уақыт бір орнында тұрмайды, ШҚМУ-дың бұқаралық ақпарат құралдары дамиды деп үміттенеміз, газеттің түрлі-түсті жаңа нұсқасы, өз телевидениесі мен радиосы болатын шығар, SMART-университет жүйесі енген соң оған да қол жеткізу қиял емес.

Осы күні біздің штаттан тыс авторларымызды атап өткізім келеді, олар: И.В.Ровнякова, А.Б. Мырзағалиева, И.С. Стеблецова, А.С. Жанбосынова, А.Г.Мұхамедиев, Д.Р. Сапаров, М.К. Кылышканов, К.Х. Рахимбердин, А.А. Кайгородцев, Е.Н.Егоренков, Е.Н. Рякова, Г.К.Капышева, Г.Байркенова, А.Х. Машекенова, Б.Б.Келгембаева, Г.М.Нуралинова, Н.Б.Әлімбекова, Ж.З. Жантасова, А.В. Троеглазова, С.А. Стельмах, Г.С. Бектасова, А.С. Чурсин, Г.Н.Кузьмина, Т.И. Сидехменова, Р.О.Абдрасулин, А.Н. Айтуғанова, П.К.Нуралиева, Л.П. Ершова,  Ж.Б.Жумажанов, К.П. Прокопов, И.В. Афанасенкова, Е.П. Шевчук, Е.В. Дергачева, В.В. Сунцов, Ә. Сайлаубек, О.А.Кривко, Е.А. Малахова және басқалар.

ШҚМУ БАҚ-ында бір жылда 803 жарияланым шықты. Жарияланым саны бойынша 1 орында - Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті, 2 орында - ФТжХҚФ, 3 орында халықаралық қатынастар бөлімі және тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім.

ШҚМУ БАҚ-тары осы жылдары облыста, елімізде танымал бола бастады. 2016-2017 оқу жылында ШҚМУ баспасөз қызметінің БАҚ-пен байланысы арқасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ атауы қала, облыс, ел БАҚ-тарында 685 рет аталды! Осы жылдың қаңтарынан мамырына дейін 535 рет аталды!

Университет туралы мына республикалық БАҚ-тар жазып жүр: «Қазақпарат», «DKnews» агенттіктері, «Хабар», «Астана», «Атамекен», «Евразия», «Қазақстан-Өскемен» арналары, «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Деловой Казахстан», «Современное образование», «Білімді ел. Образованная страна», «Экспресс К» газеттері, «InformБЮРО», «TimesKz» сайттары, облыс ішінде «Рудный Алтай», «Дидар», «Алдаспан», «Устинка плюс», «Уланские зори», «Устинка life», «Алтайньюс», «YK KZ», «YK-news.kz» және басқалар.

Сонымен қатар, ШҚМУ туралы жазатын БАҚ географиясы кеңейді, біз туралы халықаралық БАҚ-тар да жаза бастады.  

Барлық әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа жобалар, барша игіліктерді тілейміз!

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo