24 қаңтарда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Мейірім» волонтерлар клубының мүшелері «Үміт» балалар үйінің аумағын қардан тазалауға арналған «Біргеміз» акциясын өткізді.
Акция мақсаты – жастар арасында волонтерлік қозғалысты дамыту және насихаттау, мұқтаждарға көмек беруге ниетті әр жан бір сағат уақытын бөлу арқылы үлкен іс атқара алатынын көрсету. Іс-шараға 50-ден астам студент-волонтер қатысып, балалар ойын алаңдарын қардан тазартты.
Волонтерлар бұл акцияны ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, мүгедектерге, егде адамдарға көмек ретінде жыл көлемінде жалғастырады.
Назым Аманжолова,
«Мейірім» волонтерлар клубының жетекшісі