9 наурыз күні «Педагогика психология және мәдениет» факультетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1-2 курс студенттері мен топ кураторы Есполова Гүлден Калиолдановна «Педагогикалық білім және менеджмент» кафедрасының оқытушыларына арнап «8-наурыз Халықаралық-әйелдер күніне» байланысты кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағатта ұлағатты сөздер, жақсы тілектер айтылды, ойындар, қызықты сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Топ кураторы «Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында» дей келе, қатысушы студенттер мен қонаққа келген оқытушыларды тамаша мерекемен құттықтады.
Сонымен қатар, студенттердің атынан оқытушыларына деп арнаған әдемі әуен тарту етілді.
Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы