2020 жылы педагогикалық мамандықтарға мемлекеттік білім беру гранттары және жергілікті атқарушы органдардың гранттары ұлғайды.
Салыстыру үшін: егер 2019 жылы жергілікті атқарушы органдардың гранттары 134 болса, 2020 жылы 158-ге артты.
Бұл өңірдің еңбек нарығын жас кадрлармен толықтыруға, сондай-ақ «Білікті маман» облыстық бағдарламасын табысты іске асыруға мүмкіндік береді.
Талапкерлердің 800-ден астамы С. Аманжолов атындағы ШҚУ-ға республикалық бюджет есебінен бюджеттік орындарға түсті, оның ішінде 158 адам Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовтің қолдауымен жергілікті атқарушы органдардың гранттарын алды.
Баспасөз қызметі