Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

90-нан астам студент «Нұр Отанның» қатарына кіруге ниет білдірді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №5 студенттер үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» мақаласын түсіндіру мақсатында студенттермен жиын өтті.

«Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалының бірінші орынбасары Майраш Екібасованың, Жастар ресурстық орталығының директоры Ринат Аxмеджановтың, стратегиялық даму және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Анар Мырзағалиеваның қатысуымен Елбасының мақаласын түсіндіру мақсатында студенттермен жиналыс өтті.

Студенттер көкейтесті сұрақтарын қойып, 90-ға жуық студент «Нұр Отан» партиясына мүшелікке қабылдануға өтінішін білдірді. Жиналыс барысында тек маңызды тақырыптар талқыланып қана қоймай, ауыз толтырып айтарлықтай жобалар жоспарланды. Елбасының мақаласынан руxани жаңғыру – қоғам үшін қажет дүние, тың әрі игі бастама деген тұжырым жасады жастар. Мақала әрқайсымыздан жаңашылдық пен жасампаздыққа деген ұмтылысты қажет етеді. Жаңару арқылы жарқын болашаққа жетеміз.

Қайыржан Басбақбаев,

ШҚМУ «Жас Отан» жастар қанаты бастаушы бөлімінің жетекшісі

Қазақ
× You found a Typo