Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Абай атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының басшысы Медет Құлжанов ШҚУ-да қонақта болды

Абай атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының бас директоры, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері, Абай ауданының құрметті азаматы Медет Кәрімұлы Құлжанов университетімізде қонақта болды.

Ұлы Абай мұрасын ұрпаққа танытып, насихаттау жолында үлкен еңбек сіңіріп жүрген ел ағасы Медет Кәрімұлы ақын шығармашылығы, оның айналасындағы адамдар жайлы өзінің естіген-білгендерімен ой бөлісті.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында 9 желтоқсан күні Білім және ғылым министрлігі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұйымдастырyымен «Абай шығармашылығын оқытудың үздік моделі» жоғары оқу орындары оқытушыларының жалпыұлттық кәсіби байқауы өткен. Сол байқауға Абай атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қоры демеушілік жасап, оқытушы ғалымдарға қолдау көрсетті.  

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Ғылыми кеңесінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы шешімімен (№5 Хаттама) Құлжанов Медет Кәрімұлына құрметті профессор атағы табысталды.

«Абайтану» ғылыми-зерттеу институты

Қазақ
× You found a Typo