С.Аманжолов атындағы ШҚУ мен Өскемен қаласы «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК арасында колледж базасында Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының филиалын ашу туралы шартқа қол қойылды. Шартқа 4 ақпанда қол қойылды.
Шарттың мәні – білім беру қызметі саласындағы бірлескен қызмет, бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобалар жүргізу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, тағылымдамалар мен практикалар, өндіріс қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту және жетілдіру, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша бірлескен қызмет.
Университет пен колледж дуальді оқыту шеңберінде бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады, бір-біріне консультациялық, әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсетеді, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстардың жинақтарын бірлесіп басып шығаруға қатысады.
ШҚУ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы колледж өтінімі бойынша магистратурада жас кадрларды мақсатты даярлауды жүзеге асыратын консультациялар, сабақтар өткізетін болады.
Педагогика, психология және мәдениет факультеті