Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

АБАЙ РУХЫН ҰЛЫҚТАУ

10 тамыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай – рухани реформатор» атты мақаласы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.

Бұл – Абайдың баға жетпес асыл мұрасын ұғындыру мен дәріптеуге арналған келелі тағылымы мол мақала. Мақалада мемлекет басшысы биылғы жыл халықаралық «Абай жылына» айналғанын, 10 тамыз «Абай күні» деп белгіленіп, мерекелер тізбесіне енгізілгенін арнайы атап, үлкен міндеттер жүктеді. Абай рухын ұлықтау шаралары жалғасатынын, Абай орталықтарын ашу, шетелдерде ақын мұрасын насихаттау туралы мәселелерді көтерді. 

Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлт ұстазының 175 жылдық мерейтойы – халқымыздың рухани тұрғыдан дамуы үшін керек екенін айтты.

Абайды ұлықтау тойлау үшін емес, ой-өрісті кеңейтіп, рухани тұрғыдан даму үшін қажет. Абайды қанша ұлықтасақ та, дәріптеп көтерсек те еш артықтық еткен емес. Абайды құрмет тұту – ұлтыңды құрмет тұтумен тең. Ендеше, Абайды ұлықтау - елдігімізді, халқымызды ұлықтау болып табылады.

Әлемдік руханиятқа әр ұлтты танытатын алыптар болады. Сол алыптардың бірі - Абай. Абай арқылы қазақты әлем таныды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Абай – біздің ұлттық ұранымыз болуы керек. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс»,-деген.  Елбасы айтқандай, Абай біздің идеологиямыз болуы керек. Абайды тек оқып қана қоймай, Абай арқылы қазақ елін, қазақ жерін бүкіл дүние жүзіне танытуымыз керек. Абай ілімін күнделікті өмірімізде пайдалануымыз керек. 

Абай есімі бүгінде әлемді шарлады. Абай шығармалары бүгінде әлемнің 60-қа жуық тілдеріне аударылды. Әлемнің 20-ға таяу мемлекетіне ұлы Абайға арналған ескерткіш, мүсіндер, Абай үйі мен көше есімдері бар.

Абай мұрасын әлемге жан-жақты насихаттау мен танымалдандыру мақсатында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2019 жылдың ақпан айында Польшаның Свече қаласындағы лингвистикалық-техникалық университеті базасында «Абай»  мәдени-білім беру орталығын ашты. Абай әдеби-мәдени, ғылыми орталығын ашу және оны жүзеге асыру халықаралық деңгейіндегі ең маңызды білім беру және мәдени-ағарту жобалардың бірі болды. «Абай» орталығы дүние жүзімен кемел достық көпіріне айналатын, білім кеңістігінде өзара тұрақты байланыс орнататын рухани орта болатыны сөзсіз.

Абайдың өлеңдері, қарасөздері – даналыққа, ақыл мен кеңеске толы. Ақынның артынан қалған мұрасы сан ұрпаққа рухани қазына болып қалды. Абайдың артынан қалған мол мұрасын насихаттап, бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіру - біздің басты міндетіміз. Жастарды ұлтжандылық пен адамгершілікке баулу және ғұлама ойларын жанына тоқыған толыққанды, адамзатты сүйетін, ізгілікті, толерантты азаматтарды қалыптастыруымыз қажет. Сол мақсатта оқу-тәрбие, білім беру ісі сол бағытта жүзеге аспақ.

Сондай мақсатта С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы көптеген аса маңызды іс-шараларды атқарып жатыр. Атап айтсақ: 2018 жылы 18 мамырда университетте «Абай» дәрісханасы ашылды. 2019 жылдың 10 тамызы күні ШҚМУ ұжымы Жидебайды «Абай еліне тағзым» атты халықаралық конференция өткізді. 2018 оқу жылынан бастап үздік студенттерге арналған «Абай» атындағы шәкіртақы тағайындалды. Білім мен ғылымға ерен еңбегі сіңген қайраткерлерге арналған «Абай» атындағы алтын медаль арнайы шығарылып, тұлғалы азаматтарға табысталу дәстүрі енгізілді. Жыл сайын мектеп оқушыларына арналған дәстүрлі «Абай оқулары» байқауын өткізіп келеді.

2020 жылдың 1 ақпанынан бастап университет жанынан «Абайтану» ғылыми-зерттеу институты ашылып, жұмыс істеп отыр. «Абайтану» ғылыми-зерттеу институты биылғы жылдың 27 сәуірінде «Абай шығармаларындағы жалпыадамзаттық құндылықтар» атты республикалық, 25 мамырда «Абай және әлемдік өркениет» атты халықаралық конференция өткізді. «Абайдың «Толық адам» ілімін оқыту» атты оқу құралы жазылып, 10 тамыз күні «Абайдың «Толық адам» ілімі атты Халқаралық вебинарда таныстырылымы болды. Оқу құралы биылға оқу жылынан бастап, оқу үрдісіне енгізіледі. Сонымен қатар, ғылыми монографиялар, ғылыми еңбектер мен жинақтар, оқу-әдістемелік және жаңа технологиялық жетістіктерге негізделген танымдық құралдар даярланып, оны барлық білім алушылар мен көпшілік әлеуметке ұсыну жұмыстары үнемі өз деңгейінде жалғаса береді.

Төлеген Мұхтар Әділбекұлы

С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор

 

Қазақ
× You found a Typo