Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Абай» журналының 100-жылдық мерейтойына орай мерзімді басылымдар залында көрме ашылды

Сіздерді мерзімді басылымдар залында (№1 оқу ғимараты, 102 ауд.) «Абай» журналының 100 жылдық мерейтойына орай ашылған көрмеге шақырамыз.

«Абай» журналы – қазақ журналистикасында өзіндік орны бар басылымдардың бірі. Бүгінде қоғамдық-саяси және әдеби журналдың жарық көргеніне 100 жыл толды. Журналды шығару жөніндегі алқашқы ұсынысты қазақ зиялылары 1914 жылы ұсынған.

Сол жылы ақын Абай қазасының 10 жылдығына байланысты Семейде өткізілген үлкен жиылыс үстінде журнал шығару туралы шешім шығарылады. Ал, 1918 жылы 4 ақпанда «Абай» журналы жарыққа шығады. Журналдың негізін салған әрі шығарушы редакторлары – Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов.

Олар «Екеу» деген бүркеншік атпен қол қойып, мақалалар жариялаған. Журналда Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Ғұмар Қарашев, Смағұл Сәдуақасов, Халел Досмұхамедовтардың өлеңдері мен публицистикалық мақалалары жиі басылып тұрды.

Журналдың алғашқы саны Абайдың шығармашылығын насихаттауға бағытталған болса, кейіннен әлеумет, саясат, экономика сияқты қоғамдық маңызы зор тақырыптарға назар аудара бастаған.

Журнал Алаш Орда үкіметі құлағаннан кейін 1918 жылдың қараша айында жабылады. Қысқа мерзімде небәрі 12 саны ғана жарық көріп үлгерген. Араға 74 жыл үзіліс салып, Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылдан бастап «Абай» журналы оқырманымен қайта қауышты. 1994 жылы 13 мамырда журналға республикалық мәртебесі берілді.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo