Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты топтамалық бағдарламалар түсірілімі басталды

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Altai Jastary» студенттер телерадио кешені  «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты топтамалық бағдарламалар түсірілімін бастады.

Ұлы Абайдың мерейтойы – ортақ мереке, ұлы дүбірлі той. Келер ұрпақ Абайдың сара жолын жалғауы тиіс. Ал «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты топтамалық бағдарлама көрермендер үшін тек танымдық дүние ғана емес, аңсап оқитын, тәлімдік, тәрбиелік өнеге, өлшеусіз ғибрат беретіні анық.

Студеттердің ұсынысымен, өз таным - білімдерімен жоспарланған топтамалық бағдарламалар Ұлы ақын мұрасын зерделеумен қатар насихаттауға үлес қосып, Ұлт мақтанышы Абай Құнанбайұлының зор тұлғасы мен мұрасын жастарға таныстыру бағдарламаның басты мақсаты. Бағдарлама жүргізушілері С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті Естай Жанабаев пен «Журналистика» мамандығының 2-курс студенті Талшын Нұрланова. Бірінші бағдарлама тақырыбы «Абай. Оның дәуірі». Қонақ болып, сүбелі сұқбат берген қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. С.Т. Қасенов.

Бұл бағдарламада абайтану мәселелерімен айналысатын ұлт зиялылары, ғалымдар мен қаламгерлер, мемлекет қайраткерлері, әдебиеттанушылар қонақта болады. Сондықтан бағдарламаның оқу ордасында оқитын студенттерге Абай мұрасы мен болмысын таныстыруға ықпал ететіндігі сөзсіз.  

Бағдарламаның түсіріліміне қолдау көрсеткен Шығыс Қазақстан облыстық саулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-корығына алығыс білдіреміз.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo