Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» қалалық пікірсайыс турнирі өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Ділмар» дебат клубы Абайдың 175 жылдығына орай «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» қалалық пікірсайыс турнирін өткізді.

Пікірсайысқа университет ректоры Мұхтар Төлеген келіп, жастарға қолдау білдірді, турнирдің  ашылуында ШҚМУ «Шамшырақ» ұйымының жастары Абай шығармашылығынан шашу шашты. Турнирге қалалық пікірсайыс клубтарынан жиырмадан аса фракция қатысты. Ойын АПФ, БПФ, ЛД форматтарында өтті.

Турнирде ұйымдастырушылардан бастап қатысушыларға дейін қазақы ұлттық киімдерді насихаттады. Ең үздік әйел және ер образына арнайы номинация мен сыйлық тағайындалды.

Үздік спикерді анықтау үшін үздік сегіз дебатер арасында квест ойыны ұйымдастырылды.

Ойын қарарлары Абай шығармашылығынан алынып, пікірсайысшылардың ақын туындыларымен жақын танысуына әсер етті. Пікірсайысшылар хакімнің қара сөздеріне, поэмаларындағы әлеуметтік мәселелерге тоқталды.

Физика мамандығының 4-курс студенті Әкбар Нұржау төрелік еткен турнир қорытындысы:

І орын – «Алаш ұрпақтары» дебат клубы, Әли Еміл, Ақбота Әбілмажинова.

ІІ орын – «Аргумент» дебат клубы, Ақерке Дакен, Надира Әмірханова.

ІІІ орын – «Ділмар» дебат клубы, Ербұлан Нұрданбек, Сымбат Жұмаділлә.

«Үздік спикер» болып «Еркін сөз» дебат клубының өкілі Ерасыл Бекенбай танылды. Ұлттық киіммен ерекшеленген Айзат Рамазан «Үздік әйел бейнесі», Ерасыл Бекенбай «Үздік ер бейнесі» номинациясымен марапатталды.

Турнирдің өтуіне қолдау көрсеткен ШҚМУ басшылығына «Ділмар» дебат клубы, қатысушылар үлкен алғыс білдіреді!

«Ділмар» дебат клубы

Қазақ
× You found a Typo