Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Абайдың 175 жылдығына орай ШҚУ-да жасалған «Абай DIGITAL» интернет-ресурсы мобильді құрылғыларда қолжетімді

Абайдың 175 жылдығына орай С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы «Абай DIGITAL» (abai.vkgu.kz) интернет-ресурсын жұртшылық назарына ұсынады.

Сайтта әдебиеттанушы және абайтанушы ғалымдардың, жазушылардың, мемлекеттік қайраткерлердің, зиялы қауымның мол мұрасы орналастырылған. Еңбектермен abai.vkgu.kz сайтынан таныса аласыздар, ресурс ұялы телефондар арқылы да қолжетімді.

Абай Құнанбаев – ұлы ақын, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Шын есімі – Ибраһим, бірақ Зере әжесі Абай (ұқыпты, сақ) деп атаған.

А. Құнанбаев 1845 жылы тамызда Семей облысының Шыңғыстау баурайындағы Қасқабұлақ ауылында (Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) дүниеге келді. Абайдың арғы тегі билер мен ақсүйектердің руы – тобықтыдан басталады.

Абайдың сөз өнеріне ерте баулуына әжесі Зере әсер еткен​​. Әжесі халық ауыз әдебиетін жетік меңгеріп, немересіне білімге деген құштарлық пен сүйіспеншілікті сіңіре білген, Абайдың алғашқы тәрбиешісі және ұстазы десе де болады.

Абай Құнанбаев қазақтар арасында орыс және еуропалық мәдениеттің таралуына өз үлесін қосқан.

Абайдың дүниетанымының қалыптасуына гуманистік идеяларды ұстанған шығыс ақындары мен ғалымдары (Фирдауси, Әлішер Науаи, Низами, Физули, Ибн Сина және басқалары), сонымен қатар орыс классиктерінің шығармалары және солар арқылы жалпы Еуропа әдебиеті әсер етті. Ол Крыловтың, Лермонтовтың, Пушкиннің, Гете мен Байронның шығармаларын аударған.

Абай 170-тен астам өлең  жазды. 56 аударма мен философиялық трактаттар стилінде жазылған 45 «Қара сөздің» авторы. Қара сөздері тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Бұл шығармаларында қазақ тарихы, педагогикасы, адамгершілігі және заңы мәселелері көтерілген. Абайдың қазіргі кезде танымал болып табылатын жиырма шақты әуен шығарып, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo