Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Адал жол» коррупцияға қарсы марафоны Ұлан ауданында жалғасады

Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғимараты алдында 26 наурызда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да басталған «Адал жол» марафонының эстафеталық таяқшасы Өскеменнен Ұлан ауданына берілді.

Акцияға қатысушылар «Біз жемқорлықсыз қоғамды таңдаймыз!», «Біз адал еңбекті жақтаймыз!» деген ұрандарды басшылыққа алған-ды.

– 10 күн ішінде қалада сыбайлас жемқорлықпен күреске және оның алдын алуға бағытталған көптеген іс-шаралар өтті, – деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Булавкина.

– Біз бұл акцияны жай ғана есеп үшін өткізіп отырған жоқпыз, қоғамда, әрқайсымызда жемқорлыққа деген нөлдік төзімділік әдеті қалыптасуы тиіс, – деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы.

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов атап өткендей, қаладағы марафонның басталуы мен аяқталуы да студенттер арасында өтуі маңызға ие.

– Студенттер ертең мемлекеттік қызметтерді иеленеді, сондықтан оларға қазірден бастап жемқорлықтың кесірін ұғындыру керек, – деді ол.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Ж. Шаймардановтың айтуынша, бастысы – дүниетанымды өзгерту, ал диплом тек адамның білімі барын ғана айғақтайды.

– Барлығымыз сыбайлас жемқорлыққа бірлесе қарсы тұрайық! Еліміз біздің қолымызда! – деді ол студенттерге.

Ольга Булавкина марафон эстафетасын Ұлан ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дулат Қажановқа беріп, ауданға табыс тіледі.

Бұдан соң марафонға белсенді қатысқан ұйымдар марапатталды, олардың қатарында біздің ШҚМУ да бар.

Іс-шара соңында студенттер флешмоб ұйымдастырып, әуеге шарлар ұшырды.

Баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген А. Попов

Қазақ
× You found a Typo