- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Ағылшын тілі шет тілдер арасында әлем бойынша бірінші орында тұрады, себебі ғылыми ақпарат пен ақпараттық технологияның басым көпшілігі ағылшын тілінде сақталады. Сонымен қатар ағылшын – бизнес және саясат тілі. 70%-ға жуық ғылыми басылымдардың ағылшын тілінде шығатындығы да маңызды фактор.
Осыған орай қазіргі қоғамда қосымша тіл үйрететін мектептер мен көптеген білім беру курстары ашылуда. Шет тілдер арасындағы ең белсенді оқып-білу белсенділігіне ие болып тұрған тіл – ағылшын тілі.
30 мамыр күнінен бастап С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің Біліктілікті бекіту орталығымен және орыс филология, әлем тілдер және аударма кафедрасының оқытушыларымен Е.Е.Чжан, Н.Е.Забелина, М.К.Абдрахманова, И.Ю.Ларионова, Д.А. Маткаримова және лаборатория меңгерушісі А.С. Мамчур профессорлық оқытушы құрамына ағылшын тілі курсы басталды. Сәттілік тілейміз!
Біліктілікті бекіту орталығы