С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де «Көптілді білім беру туралы ереже» және «2015-2020 жж арналған үштілділік білім беруді дамыту жол картасы» негізінде үштілді білім беруді іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жұмыс бағыттарының ішінде нормативтік базаны жетілдіру; мамандарды даярлау және біліктілікті арттыру; оқу-әдістемемен қамтамасыз ету; үштілді білім беруді насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу; ақпараттық қолдау.
Ағымдағы жылы университетте ағылшын тілінде 4 білім беру бағдарламасы іске асырылады: 6В01501 Информатика, 6В01502 Физика, 6В01504 Химия, 6В01505 Биология.
Сонымен қатар, оқу орнында 13 көптілді топ жұмыс істейді. Онда оқу пәндерінің ара қатынасына сәйкес жұмыс жоспарлары жасалған.
Баспасөз қызметі