Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Академик Түймебай Әшімбаев атындағы кабинет ашылды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Экономика және құқық факультетінде еңбек еткен ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, академик Түймебай Әшімбаев атындағы заманауи қаржы ғылымдарының кабинеті ашылды.
Біз Түймебай Әшімбайұлын ғалым, Қазақстанның экономикалық ғылымын насихаттаушы, ел беделін арттырған тұлға ретінде танимыз.
Іс-шараға академиктің әріптестері, шәкірттері – Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, «Тұран» білім беру корпорациясының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Р. Алшанов, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ профессорлары Ю. Баталов пен  Н. Краузе, Кәсіптік қызмет көрсету колледжінің директоры, доцент Б. Қабділшәріпов және университет оқытушылары қатысты.
ШҚМУ ректоры М. Төлеген академиктің шәкірті Рахман Алшановты Абай атындағы алтын медальмен марапаттады.
Жарқын тұлға Түймебай Әшімбайұлының атындағы кабинетте факультет оқытушылары білікті мамандар даярлап, олар ел экономикасына зор үлес қосады деген үміттеміз. 

Экономика және құқық факультеті

Қазақ
× You found a Typo