- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
14 ақпан ШҚМУ-да өткен Академиялық Кеңес құрамындағы «Математика, физика және информатика» комитетінің отырысы өтіп, 2017 жылы педагогикалық мамандықтар бойынша қабылданатын студенттерге арналған элективті пәндер мазмұны мен білім беру бағдарламасы талқыланды
Отырысқа математика, физика, компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының мүшелері, жұмыс берушілер, түлектер (мектеп директорлары, мұғалімдер), студенттер және магистранттар қатысты. Жұмыс берушілерге ұсынылған пәндер өзекті болып табылып, Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңде білім беру жүйесін реформалау талаптарына сәйкес келеді.
Сонымен қатар, жұмыс берушілер кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, мамандар даярлаудың сапасын жақсарту мақсатында жаңа-әдіс тәсілдерді және көптілдік дайындықты жетілдіру өзектілігі туралы өз ұсыныстарын ортаға салды.
Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы