- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ Академиялық кеңесінің Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының элективті пәндер каталогын бекіту бойынша отырысы өтті.
Мақсаты – оқу үдерісін тың жолдар арқылы ұйымдастыру мен жоспарлауды жүзеге асыру.
Отырыста кафедрада оқытылатын мамандықтарға қарасты элективті пәндер бекітілді. Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай жаңа пәндер енгізілді.
Мысалы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында «Қазақ жазуы және латын графикасы», «Әдеби өлкетану», «Мәтін лингвистикасы», «Әдебиет теориясы және эстетика», «Қазіргі білім беру технологиялары», «Қазақ терминологиясы» пәндері оқытылмақ.
Отырыс соңында кафедра меңгерушісі Айжан Қартаева Академиялық кеңесті қорытындылап, қатысушыларды байланыста жұмыс жүргізуге шақырды.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы