Бүгін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген университет ұжымына Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментіне тағайындалған директор – Стеблецова Ирина Станиславовнаны таныстырды.
Ирина Стеблецова педагогика ғылымдарының кандидаты, еңбек жолын орта мектеп мұғалімінен бастап, Шығыс Қазақстан аймақтық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы инновациялық технологиялар зертханасының меңгерушісі, Шығыс Қазақстан аймақтық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы директорының орынбасары, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығының жетекшісі, әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.