Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Aкадемиялық ұтқырлық – білім берудің биік белесі

ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ЖОО-ның қызметін ЖББ-дің әлемдік үлгісіне сай етіп, академиялық ұтқырлықты қалыптастыру – жүзеге асырылуға тиісті міндеттердің бірі ретінде көрсетілген. 
Білім саласындағы мұндай бағдарлама білікті маман даярлау ісіне игі әсерін тигізері кәміл.
Осыған орай, 2016-2017 оқу жылында математика кафедрасының студенттері еліміздің және шетелдің ЖОО-ларында академиялық ұтқырлық бағыты бойынша білімдерін жетілдірді. Атап айтқанда, «Математика» мамандығының 4 курс студенті Қайырбеков Еділ Әлібекұлы оқу жылының 1 - ші семестрінде Люблин қаласының Иоан Павел ІІ атындағы католиктік университетінде сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша білім алып келсе, «Математика» мамандығының 3 курс студенті Қожай Алтынай Мусабекқызы ішкі академиялық ұтқырлық бойынша 2 - ші семестр бойы алған білімін Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде тәмәмдауда. 
Сонымен қатар, оқу жылының 2-ші семестрінде математика мамандығы бойынша біздің университетімізде білім алуға қызығушылық танытқан студент те табылды. Ол Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 5В010900-«Математика» мамандығының 2 курс студенті Қайрат Назым болатын. Білімге құштар, білікті ұстаз боламын деген мақсатты алға қойған Назым ерекше құлшыныспен оқуға кірісіп, білім алу барысында өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Бағдарлама бойынша білім алып қана қоймай, группалас студенттерімен жақсы қарым-қатынаста болып, жаңа достар тапты.
Бірге қаламыздың көрікті орындарының бірі «Қазақстан» тауына шығып, демалып қайтты.
Тіпті туған күндерде дастархан басында бір отбасының баласындай қуаныштарымен бөлісті.
Науқас жандарға шипа болсын деген ниетпен облыстық қан тапсыру орталығына барып қан тапсырып, қайырымдылық жұмыстарына да белсене қатыса білді.
Семестр аяғында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ЖҒжТ факультеті деканы Темірбеков Н.М. және математика кафедрасының меңгерушісі Мадияров М.Н Назымға көрсеткен білімі мен үлгілі тәрбиесі үшін алғыстарын айтып, «Алғыс хатпен» марапаттады. 
Студент те өз тарапынан біздің ордамызда білім алғанына тәнті болып, университетіміздің оқытушылар құрамына берген сапалы білімі үшін және математика кафедрасының меңгерушісі Мадияров М.Н., профессоры Апышев О.Д., ф.-м.ғ.к. Магзумова Э.М., PhD докторы Аменова Ф.С. жоғары деңгейдегі дәрістері үшін рахметін айтты.
«Білімдіге – өріс кең» дейді халық даналығы. Кафедрамызда келесі оқу жылында да осы бағдарлама аясында білім алғысы келетін студенттеріміз баршылық. Студенттерімізге тек сәттілік пен оқуда жетістік тілейміз!
Математика кафедрасының аға оқытушысы Жаксылыкова Ж.
Қазақ
× You found a Typo