Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Академиялық ұтқырлық ұтымдылығы

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінде түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға аса мән беріледі.

Академиялық ұтқырлық қазіргі заманғы білім берудің ажырамас бөлігі екендігі белгілі. Факультетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының әртүрлі жоғары оқу орындарымен, алыс және жақын шетелдердің университеттерімен халықаралық ынтымақтастық келісімі аясында жолға қойылған.

Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына ҚХР Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық институтының 44 студенті келіп бізде білімдерін жалғастырып жатса, аталмыш мамандықтың 6 студенті Қытайда оқуда. Қытайлық студенттер өздерінің ШҚМУ қабырғасында өтіп жатқан күндеріне риза екендіктерін білдірді. Ван Дзили: бізге кафедра оқытушыларының дәрістері, сабақта қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдері, студенттермен қарым-қатынасы ұнайды. Ли Янг: біз «Халықаралық қатынастар» мамандығының қытай тілін үйреніп жатқан студенттерімен танысып, түрлі мәдени шараларға қатыстық. Халықаралық студенттер күнінде, студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында қытайша өлең оқып, қазақша құттықтау сөз сөйледік. Ли Чендзюннан: О.Бөкей ат. қалалық кітапханаға, университеттің оқу залына үнемі барып тұрамыз.

Тұрып жатқан №4 студенттер үйі бізге қатты ұнайды. Ауа-райына да үйреніп қалдық. Білім бағдарламаларын бірлесіп жүзеге асыру мақсатында ШҚМУ-ға ҚХР Бейжің қаласындағы Орталық ұлттар университетінің профессоры Нұрбақан Қалелханұлы, Түркия, Еге университеті, Түркі әлемі зерттеу институтының директоры, профессор Метин Екиджи мамандық студенттеріне дәріс оқыды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы университет миссиясын орындауға, жоғары білім берудің сапасын жоғарылатуға, ғылыми зерттеулердің тиімділігін көтеруге, басқару жүйесін жетілдіруге, сыртқы және ішкі интеграциялық үрдерістер мен байланыстарды орнатуға мүмкіндік беретіні белгілі.

Мамандық эдвайзері Қ.Барбосынова

Қазақ
× You found a Typo