Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Акцияға қатысушылар әуеге 100 шар ұшырды

Төртінші жыл қатарынан 2 сәуірде ШҚМУ Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының студенттері мен оқытушылары Дүниежүзілік аутизм туралы ақпаратты тарату күніне арналған акция ұйымдастырып келеді.

Бұл жолы «Зияткер» орталығына Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары шақырылды.  

Дефектолог студенттер оларға аутизмі бар балалардың ерекшеліктері туралы ақпарат беріп, осындай диагнозы бар жеткіншек туралы фильм көрсетті.

Акция Республика алаңында жалғасты, оқушылар мен студенттерді бұл жерде балалар мен олардың ата-аналары күтіп тұрды.

А әрпі түрінде қатарға тұрған акцияға қатысушылар «Біз біргеміз!» деп айғайлап, әуеге 100 көгілдір шар ұшырды.   

Акция өзекті мәселеге арналған, аутизмі бар адамдар көбейіп барады, сондықтан осы проблема туралы ақпаратты тарату қоғам үшін аса маңызды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo