Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ақпан айында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың әскери кафедрасына құжаттар қабылдау басталады

1 ақпаннан бастап С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қабанбай батыр атындағы әскери кафедрасына түсу үшін құжаттарды қабылдау басталады.

Медициналық тексеру наурыз айында өтеді.

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін құжаттар бірінші курс (4 жылдық оқумен) және екінші курс (5 жылдық оқумен) студенттерінен қабылданады.

Конкурстық іріктеуге қатысуға арналған құжаттар тізімі: өтініш; жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі); тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқа және көшірме); 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет; соттылығының жоқтығы туралы анықтама; спорттық жетістігін растайтын құжат (бар болса); факультет деканы қол қойған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы (ЖЖОКБҰ) студентінің нақты оқуы туралы анықтама; жеке істі рәсімдеуге арналған қағаз папка және екі мөлдір файл.

Мекенжайы: Бажов к-сі, 7 (2 корпус), С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Қабанбай батыр атындағы әскери кафедрасы.

Анықтама телефондары: 87052964556, 87715462904, 87758639249, 87014712905, 87770620672, 87752577352, 87475577352.

Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра

Қазақ
× You found a Typo