Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ақпараттық және кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді

Өскемен қаласының №4 орта мектебінің 11 сынып оқушыларына ақпараттық және кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Жантасова Ж.З., кафедраның аға оқытушысы Жунусова Г.Т. және орыс филологиясы, әлемдік тілдер және аударма кафедрасының аға оқытушысы Жакупова Р.М. Өскемен қаласындағы №4 орта мектебінің 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар жұмыстарын өткізді. Кәсіби бағдар берушілердің негізгі мақсаты болып С.Аманжолов атындағы ШҚМУ мамандықтары жайлы, факультеттер жайлы мағлұмат беруден, кафедраның мамандықтарына талапкерлерді шақырудан тұрды.

Мектеп түлектерінен таңдау пәні, қай жоғары оқу орны таңдағаны, қай мамандыққа тапсыратындары жайлы сауалнамалар алынды. Оқушыларға университет мамандықтары жайлы презентация көрсетілді, жарнамалық материалдар таратылып, кең көлемде ақпараттар берілді. Кездесу барысында мектеп директоры, директор орынбасарлары, информатика пәнінің мұғалімдері және 11-сынып оқушылары мен ата-аналарымен кездесіп, университетімізде болатын іс-шаралармен, кәсіби бағдар беру жоспарларымызбен таныстырдық. Мектеп оқушылары үлкен қызығушылықпен тыңдап, өздерінің таңдаған мамандықтары жайлы мазалаған сұрақтардың жауаптарын алды. Оқушыларға кафедра мамандықтары жайлы, болашақта қандай маман болып шығатыны жайлы, университеттің ғылыми зертханалары жайлы ақпараттар толық берілді.

Жұмыс тобы мектептің директорымен танысып, болашақ бірігіп жұмыс жасау бағыттары туралы ұсыныстар жасалды.

Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo