Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

АҚШ профессорлары ШҚМУ оқытушылары үшін семинарлар өткізді

Костал Каролина университетінің профессорлары ШҚМУ оқытушылары үшін семинарлар өткізді.

4 шілдеде №9 оқу ғимаратында АҚШ профессорлары «Writing for American Academic Journals» («Американың академиялық журналдарында ғылыми мақалаларды жариялау»), «Contact Improvisation and Writing» («Контактілік импровизация және хат») тақырыптарында оқытушыларға арнап семинар өткізді.

Семинарларды Костал Каролина университеті әлем әдебиеті кафедрасының доценті Анна Олдфилд, театр кафедрасының доценті Бенджамин Сота, ағылшын тілі кафедрасының доценті Эмма Хоуз жүргізді.

Қатысушылар жарияланымдар үшін қандай журналдарды таңдау керек екенін және ғылыми мақалалар жазғанда қандай стратегияны пайдалану керек екенін білді. Екінші семинар тыныс алу мен қозғалысты қалай қолдану керектігін, мәдениаралық коммуникация барысында қалай оңтайлы жазып, оқу керек екенін білуге мүмкіндік берді.

Семинардан соң қатысушылар әсерлерімен бөлісті, мәдениаралық коммуникация және ғылыми мақалалар жазу кезіндегі қиыңдықтарды талқылады.

Барша қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo