Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

АҚШ профессоры студенттерге дәріс оқыды

АҚШ профессоры Нұршат Нұражы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану және технологиялар факультеті студенттеріне материалтану бойынша курс оқыды.

Университетіміздің шақыртуымен Массачусетс технологиялық институтының ғалымы және Техас технологиялық университетінің профессоры Нұршат Нұражы 21-26 мамыр аралығында Жаратылыстану және технологиялар факультеті химия, физика, материалтану және ядролық физика мамандығының студенттеріне материалтану бойынша курс оқыды.

Курс инновациялық ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қазақ, ағылшын тілдерінде дәріс және практикалық тапсырмалар түрінде өтті. Онда материалдардың түрлері, қасиеттері және алу жолдары талқыланды. Курс қорытындысында бақылау жұмысы алынып, жақсы меңгерген студенттерге сертификаттар табыс етілді.

Студенттер тақырыпқа асқан қызығыушылық танытты, білікті шетел профессорымен бетпе-бет қатынас жасау оларға өте пайдалы болды. Шараға қолдау көрсетіп, осындай мүмкіндік берген университет басшылығына ризалық білдіреміз.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті

Қазақ
× You found a Typo