Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

АҚШ-тан келген магистр ШҚМУ-да жұмыс істейтін болады

Тэннесси университетінің (АҚШ) ағылшын тілі оқытушысы Джозэф Уильсон 2018-2019 оқу жылында ШҚМУ-да еңбек етіп, екі жаңа пәннен сабақ  беретін болады.

Университет ректоры  Мұхтар Төлеген Тэннесси университетінің (АҚШ) ағылшын тілі оқытушысы, магистр, Фулбрайт грантының иегері Джозэф Уильсонмен кездесті.

Джозэф Уильсон 2018-2019 оқу жылында тарих, филология және халықаралық қатынас факультетінің шет тілдері және аударма ісі кафедрасында «Шет тілі: екі шет тілі» және «Аударма ісі» мамандықтарында еңбек етпек, ол «Академиялық мақсаттарға арналған тіл» және «Мәдениаралық коммуникацияға кіріспе» пәндерін жүргізетін болады.

Ол, сондай-ақ, ағылшын тілі оқытушыларына аптасына бір рет ауызекі сөйлеу дағдыларын үйретпек.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo