Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ақын Исраил Сапарбай ШҚМУ-да қонақта болды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимаратының акт залында ақын, сазгер, драматург, «Платиналы Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбаймен «Мен елімді сүйемін» атты әдеби-сазды кеші өтті.

Жиынға барлық факультеттердің студенттері мен оқытушылары, құрметті қонақтар қатысты. Университет залы ақынның қалың оқырманына толы болды. Екі сағатқа созылған кештен барлық көрермендер рухани азық алып қайтқаны сөзсіз. Исраил Сапарбай оқу орны ректоры Мұхтар Төлегенмен жүздескен соң, «Аltai jastary» студенттер телерадио кешеніне қонаққа шақырылды.

– Қазіргі уақытта 160-қа жуық ән мен 300-ге тарта ән мәтінінің авторымын. Ақындықпен адам дүниеге келеді, өлең жазарда жоғары жақтан шабыт келіп тұрады. Алғаш әнім шыққанда «сізге ақындық өнер де жетеді ғой» деп көбісі күлген еді, – деп ағынан жарылған ақын жас буынға сабақ боларлық маңызды жайттарды айтып берді. 

Әңгімелесу барысында білім ордасына есімі берілген ғалым Сәрсен Аманжолов жайлы да айтып, біздің ғылымға шексіз үлес қосқан тұлға екенін атап көрсетті.  Ақын сұхбат соңында студенттерге жылы лебізін білдіріп, тілек кітапшасына қолтаңбасын қалдырды.

Фото https://cloud.mail.ru/public/Fa4H/d7jPkyQNb  

Назгүл Мұхаметқанова,

«Журналистика» мамандығының

3 курс студентті

Қазақ
× You found a Typo