Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ақыт Үлімжіұлына арналған әдеби-сазды кеш өтті

19 сәуірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері ақын, драматург, ағартушы Ақыт Үлімжіұлының 150 жылдығына арналған «Мақсатым ел-жұртқа тағылым болса...» әдеби-сазды кешін өткізді.

Кеште ақынның «Жиһаншаһ», «Қисса-и Сәйпілмәлік» дастандарынан, «Дәләйлүл» ғақлиясынан үзінділер жатқа оқылды. Өмірі мен шығармашылығынан филология магистрі, жас ақыттанушы Қ. Дүргімбай мазмұнды баяндама жасады. «Есептесер күн болар» термесі шырқалып, студенттер ақынға арнаған өлеңдерін оқыды.

Кешке театр, облыстық кітапхана ұжымдары, университет әкімшілігі, оқытушылар мен студенттер қатысып, ақын шығармашылығымен жақын танысты.

Университет профессоры С. Оразалин ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ақыттану бағытындағы шаралар жалғасып, ғылыми жобалар мен магистрлік диссертациялар жазылуы қажеттігін айтты.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo