Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Аламан-2016» фестивалінің қорытынды кеші өтті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» - «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер арасында өтетін «Аламан- 2016» фестивалінің қорытынды кеші өтті.

 Кеш шымылдығын  стратегиялық даму және ғылыми жұмыс  жөніндегі проректор Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлының құттықтау сөзімен және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан жастарды марапаттаумен ашылды.

Ары қарай концертіміз әсем әнмен, тәтті күймен, көркем бимен және көңілді жастардың Жайдарман әзілдерімен жалғасын тапты.

Кешіміздің барысында физика мамандығының 3 курс студенті Салықов Расул барша көрерменді өзінің ғылыми жобасымен таң қалдырды. Қорытынды кештің ең басты бөлімі «Аламан-2016» фестивалінің сайыстары барысында жеңіске жеткен жастарды марапаттау сәті болды. Осы сайыс барысында жүзден-жүйрік атанған жастарымызға тоқталып кетсек.

"Үздік xалық әні" байқауы бойынша 1 орын иегерлері: Бөгенбай Айханша және Абен Жансая.

"Үздік заманауи ән" байқауы бойынша 1 орын иегері: Сәрсенбай Дина.

"Үздік ұлттық би» байқауы бойынша 1 орын иегерлері: Жаратылыстану ғылымдары және теxнологиялар факультеті.

«Үздік заманауи би» байқауы бойынша 1 орын иегерлері: Психология, педагогика және мәдениет факультеті.

«Үздік аспапта ойнау» байқауы бойынша 1 орын иегері: Абен Жансая.

«Жайдарман» байқауы бойынша 1 орын иегелері: Тариx, филология және xалықаралық қатынастар факультеті.

«Үздік «Starp Up» жоба» байқауы бойынша 1 орын иегері: Салықов Расул.

Дебат ойындары бойынша «Болашақтың мамандығым қандай» байқауының 1 орын иегерлері Данияр Жібек және Сабаз Тоғжан.

Және де «Менің мақтан тұтар мекенім» атты байқаудың «Үздік мақала» иегері: Ильяс Інжу. 

Спорт саласы бойынша:

Тоғызқұмалақ ойындарынан ұлдар арасында 1 орын иегері: Жұмабаев Жүрсін.

Қыздар арасында 1 орын иегері: Сиқымбай Аруна.

Волейбол ойындарының 1 орын иегерлері: Жаратылыстану ғылымдары және теxнологиялар факультеті.

Баскетбол ойындарынан 1 орын иегерлері: «Жігер» командасы.

Бүгінгі ордамызда өткен «Аламан- 2016» фестивалінің қорытынды кешіне ат салысқан және де уақыт бөліп келген барша көрермендерге алғыс білдіреміз. Өнерлі жастардың басын қосатын осындай сайыстар мен көңілді кештеріміз көп бола берсін дейміз.

Жастар ісі жөніндегі комитет

Қазақ
× You found a Typo