Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Алаш» қозғалысының 100 жылдығына арналған конкурсы өтті

Жоғары колледждің 2 курс студенттер арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына арналған «Ең үздік презентациялық жұмыс» конкурсы болып өтті.

Конкурс колледждің тарих пәні мұғалімі Қарлығаш Бағдатованың кіріспе сөзімен басталды.

Конкурс барысында студенттер Алаш қозғалысының бастаулары, тарихи маңызы, ХХ ғасыр басындағы Қазақстан тарихының зерттелуі, Алаш идеясындағы «Мәңгілік ел» құндылықтары, ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар, Алаш зиялыларының өмірі мен қызметі туралы өзекті мәселелер қозғап, қазақ халқының болашағы үшін күрескен азаматтардың тарихнамасын заманауи технологияларды пайдаланып қарастырды.

«Құқықтану» мамандығының студенттері Әйгерім Қызырбекова, Ақбота Шалқарова және «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті Мадина Мұраттың презентациялық жұмыстары ең үздік ретінде аталып өтілді.

Алаштың 100 жылдығы ел өміріндегі тарихи оқиға ретінде жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы деп білдік. Мұндай конкурстар жастарды Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға-апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге – қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеуде өте маңызды.

Н. Исабаева,

Жоғары коллледждің математика пәні мұғалімі

Қазақ
× You found a Typo