Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Алғаш рет ШҚМУ магистранттары алыс шетелде тағылымдамадан өтті

Алғаш рет С. Аманжолов атындағы ШҚМУ магистранттары алыс шетелде тағылымдамадан өтті. Тағылымдама Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университетте және Вроцлав университетінде (Польша) жүрді).

«Биология» мамандығының 1-оқу жылының магистранттары 1-10 маусым аралығында Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университетте шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.  Тағылымдама мақсаты – зертханалық зерттеулердің жаңа әдістерімен танысу, сондай-ақ таңдалған әдістерге сәйкес диссертация тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің машықтарын иелену.

Магистранттардың айтуынша, тағылымдамадан өтушілердің тәлімгері, биология ғылымдарының докторы Збигнев Целька Шығыс Қазақстаннан келген магистранттар үшін тек тәлімгер ғана емес, бүкіл тағылымдама барысында жәрдемдесіп, бағыттап отырған дос та бола білді.

- Біз әр кездесу сайын беріліп отырған өз диссертациямыздың тақырыбы бойынша көлемді ақпарат алдық. Биология факультетінің профессорлары, саябақ және зертхана қызметкерлері біздің сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, диссертациямыздың тақырыптарына да қызығушылық танытты, пайдалы кеңестер берді, - дейді Ахмадиева Сымбат және Туктасинова Айгерим. Тағылымдама соңында биология факультетінің профессорлары  қатысқан ғылыми семинар өткізілді. Біз Қазақстанның таныстырылымын жасап, оның флорасы және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жүргізілетін зерттеу жұмыстары жайлы баяндадық. Тағылымдама нәтижесінде бізге Адам Мицкевич атындағы университетте шетелдік ғылыми тағылымдамадан өткендігімізді растайтын сертификаттар табыс етілді.

-Тағылымдамамен қатар, біз тарихы тереңде жатқан, әсемдігі көз тартатын Познань қаласын да араладық, - деп еске алады Оразов Айдын.

Магистранттар А. Мицкевич атындағы университетте (Познань қ., Польша)

Бұдан өзге, тәжірибе алмасу, жаңа жобалар үшін серіктестік орнату,  академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты нығайту, шетелдік мамандарды тарту және ғалымдар алмасу мақсатында ШҚМУ басшылығы Вроцлав университетіне (Польша)  іс-сапармен барды. 

6-10 маусым аралығында стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Б.А. Ердембеков және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Д.Р. Сапарова Эрасмус+ бағдарламасы аясында Вроцлав университетінде «Administrative staff mobility for training» тағылымдамасына қатысты. 

2009 жылы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор  Адам Ежерски басшылық еткен өкілдік ШҚМУ-ға келіп, келісімшартқа қол қойылған сәттен бастап  ШҚМУ мен Вроцлав университеті арасындағы ынтымақтастық жолға қойылды. Соңғы үш жыл көлемінде екі ЖОО студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығы бағдарламасы аясында тығыз жұмыс істеуде.

Ректор Адам Ежерски халықаралық бөлімнің директоры Урсула Бродамен

2016 жылы Эразмус + бағдарламасы бойынша келісімшарт жасалғаннан кейін тағылымдама өткізу жолға қойылды.

Ресми іс-сапар барысында екі тарап кейінгі интернационализация жайын талқылады. Осылайша, ШҚМУ СДжҒЖ проректоры және Вроцлав университетінің халықаралық бөлімінің директоры ынтымақтастықты дамытудың мәселелерін қарастырды.

Кездесу аясында Б. А. Ердембеков шаруашылық істері жөніндегі ректор кеңесшісі Рысзард Жуковскимен кездесу өткізіп, шаруашылық әкімшіліктендіру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Вроцлав университетінде орыс филологиясы бойынша білім алып жатқан студенттерді академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ШҚМУ-да оқытуға қызығушылық танытқан славян филологиясы факультетінің   деканымен де жүздесті.

Халықаралық бөлімнің директоры Урсула Бродамен өткен кездесу нәтижесінде алдағы уақытта да магистранттарды тағылымдамадан өткізу, бірлескен жазғы мектеп ұйымдастыру және ШҚМУ студенттері мен магистранттарының жатақханаға жұмсалатын шығындарына жеңілдіктер қарастыру мүмкіндігі тарапында келісімдер жасалды.          

Ағымдағы жылы «Мәдениеттану», «Тарих», «Әлеуметтік педагогика» мамандығында оқитын біздің магистранттар алғаш рет Вроцлав университетінде тағылымдамадан өтті.

ШҚМУ магистранттарына сертификаттар табыс ету

Технопарк департаменттерінің бірі болып саналатын академиялық бизнес-инкубатор директоры Томаш Нициак ғылым коммерциализациясының тұжырымдамалары және студенттерді стартап-жобаларға тартудың әдістері жайлы баяндап берді.

                    Академиялық бизнес-инкубатор директоры Томаш Нициак     «Center» ғылыми технопарк қызметкерлерімен кездесу

Сонымен қатар, Вроцлав университеті өкілдігінің ШҚМУ-ға келуі және ғалымдармен алмасу жөніндегі келісім жасалды.

Қазан айында ШҚМУ физика және технологиялар кафедрасының профессоры Л.И. Квеглис Вроцлав университетіне барса, біздің ЖОО-на  славян филологиясы кафедрасының  профессоры Иоанна Кула келмек. Бұдан өзге, Эрасмус+ бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 1-оқу жылының магистранты Д. Малгаждарова 2016-2017 оқу жылының күзгі семестрінде Вроцлав университетінде білім алмақ.

Вроцлав университеті 40 000 студенті және гуманитарлық-жаратылыстану, ғылыми бағыттар бойынша мамандық беретін 10 факультеті бар жоғары мемлекеттік оқу орны болып табылады. Польшаның бірден-бір мәртебелі университеттерінің қатарына жатады, химия, физика және әдебиет саласындағы 9 Нобель лауреаты бар. Университет құрылымына бірнеше оқы ғимараттары және екі ауқымды конференц-залы бар әкімшілік ғимарат кіреді.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің басшылығы үшін ғылым, бизнес және кәсіпорынды байланыстыратын күрделі, алайда ұйымдасуы айқын құрылым болып табылатын «Center» ғылыми технопаркінің жетекшісімен кездесу ұйымдастырылды.

Технопарк ауқымы үлкен - қала шетіндегі бірнеше кварталға ие. Технопарктегі жерлер жоғары технологиялар саласында жұмыс істейтін  компанияларға жалға беріледі. Инфрақұрылымы ұйымдастырылған дайын жерлер де беріледі. Мұнда   Hewlett Packard, LG, Toshiba, Philips  тәрізді еуропалық орталықтар және технопарктің ең ауқымды жалға алушысы IBM еуропалық қаржы орталығы орналасқан.  Жоғары технологиялар саласында жұмыс істеуге бағытталып жаңадан құрылған фирмалардың өте тиімді шарттар негізінде технопарктен кеңсе жалға алуына мүмкіндіктер бар. Егер қала және мемлекет қаржысының есебінен сатып алынатын құрал-жабдықтарды бірнеше фирма қолдана алатын болса, онда олар оны бірлесе пайдаланады.

Нәтижесінде Вроцлав технопаркінде алыптардан өзге, құрал-жабдықтар, медициналық техника жасайтын, бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын шағын және орта фирмалардың да үлкен шоғыры орналасқан.

Бір концернмен біріктірілген бірнеше ЖОО өз ғалымдарын ғана емес, студенттерді де тартады. Орталық қызметкерлері мұнда кеңес беріп, дарынды студенттерді анықтау, ғылыми технологиялар саласындағы жаңа идеяларды іздестіру, жастарды зерттеу жұмысына және ғылыми ортаға тарту бойынша воркшоптар өткізеді.

 

Ғылыми бөлім қызметкерлері

Іс-сапар сәтті өтті деуге негіз бар. Эразмус+ сынды бағдарламалар тәжірибе алмасып, серіктес ЖОО жайлы тың дүниелерді білуге, ынтымақтастық көкжиегін кеңейтіп, ғылым мен білім саласындағы жұмыста серпін алуға  шынайы мүмкіндіктер сыйлайды.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

 

Қазақ
× You found a Typo