Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Алматы облысының ұстаздары Қ.О.Бітібаеваның педагогикалық тағылымына тәнті болды

5-13 қаңтар аралығында Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында «Қ.О.Бітібаеваның инновациялық технологиясы және педагогикалық тағылымы» атты жылжымалы курс болып өтті. Біліктілікті бекіту орталығы ұйымдастырған бұл курсқа 40-қа жуық мұғалім, Алматы облыстық білім басқармасы Әдістемелік кабинетінің әдіскерлері қатысты.

Дәріс, тренингтерді С.Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, ф.ғ.д. А.М.Картаева, Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі, Қ.О.Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зертхананың жетекшісі М.Қ.Мұқашева, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығының директоры, ф.ғ.к., доцент Б.Б. Келгембаевалар жүргізді.

Курстың алдына қойған мақсаты - «Құрмет» орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі, әйгілі ұстаз Қанипа Омарғалиқызының «Ой салу, ойланту» технологиясын үйрету, педагогикалық тағылымын насихаттау, есімін ұлықтау болды.

Тыңдаушылар курсқа аса қызығушылық танытты, университет басшылығына, лекторларға зор алғыстарын білдірді. Талдықорған қаласының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ибраимова Раушан: «Курстан өз басым ерекше әсер, өміріме үлкен азық, ұстаздық қызметіме жаңа серпіліс алдым»,- десе, Қаратал ауданынан келген ұстаз Н.Рахметова: «Өткізіп жатқан курс – ізгі істің бастамасы», - деді, ал келесі тыңдаушы Н. Малаева: «Қанипа апайдың мол мұрасын, педагогикаға сіңірген еңбегін қолдану, қазақ әдебиетін бүгінгі жас ұрпақты оқытуда жаңа мазмұн, мән беретініне сенемін. Сіздердің ұжымыңызға көп-көп рахмет айта отырып, істеріңізге өнімділік тілеймін!», - деген тілектерін білдірді. Курстың соңында мұғалімдерге сертификаттар берілді.

Іссапардың үлкен олжасы – университеттің педагог кадрларға арналған курстарының тақырыптық жоспары ұсынылып, Алматы облыстық білім басқармасы Әдістемелік кабинетінің басшысымен серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылуы болды. Қарамағында 97 мың мұғалімі, 739 мектебі бар бұл облыспен серіктестіктің С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығының қызметіне жаңа серпін берері сөзсіз. Қазақ педагогикасының аңызына айналған Қ.О.Бітібаеваның педагогикалық тағлымын арнайы курстар арқылы насихаттау ісі өзінің туған топырағы Шығыс Қазақстан жерінде қолдау табады деген сеніміміз мол.

 

Біліктілікті бекіту орталығының

 

директоры Б.Келгембаева

Қазақ
× You found a Typo