ШҚМУ телестудиясында «Табысты білім алуға арналған лайфхактар» ток-шоуы түсірілді. Бұл – «Altai jastary» медиаорталығы мен «Алтай» облыстық телеарнасының жобасы.
Бағдарламаны журналистика мамандығының студенттері Алина Кольцова мен Наргиз Еркінбекова жүргізді, студия қонақтары профессором, психолог И.К. Мацкевич, экология және география кафедрасының оқытушысы, гигиенист-эпидемиолог Л.Т. Байжұманова болды. Сарапшылар – 3 курс студенттері Данияр Тоғаспаев пен Мансұр Балтабек.
Жиналғандар сессия кезінде стресті жеңу, психологиялық денсаулықты, күш-қуатты сақтау жөнінде пайдалы кеңестер берді, түрлі қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Бағдарламаны 19 ақпанда сағат 18-50-де «Алтай» арнасынан көріңіздер!
Баспасөз қызметі