- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
«ALTAI» облыстық телеарнасының қолдауымен «ALTAI JASTARY» ток-шоуы көрерменге ұсынылды. Бағдарламаның мақсаты – журналистика мамандығы бойынша дуальды оқыту үрдісін жалғастыра отырып, болашақ журналистерді білікті, кәсіби маман ретінде қалыптастыру.
Бағдарламада жастардың, болашақ мамандардың өзекті мәселелері көпшілік талқысына салынады. Атап айтқанда, ғылым-білім саласы, маман даярлау, жастардың әлеуметтік жағдайы тақырыптары көтеріледі.
Сондай-ақ, мәдени-рухани оқиғаларға талдау жасалады. Ток-шоуға шақырылған қонақ жүргізуші сұрақтарына жауап беріп, пікір білдіреді.
Хабардың ұзақтығы – 40 минут. Эфирге шығуы – айына 1 рет. Тілі – қазақша, орысша. Алғашқы бағдарлама «ALTAI» арнасында сағат 18.50-де жүріп, Жастар жылына арналады. Қайталау уақыты – 6 қазан, сағат 18.20.
Баспасөз қызметі