Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Алтай. Алтын бесік» кітабының оқырманға таныстырылды

16 ақпанында   кітапханада Рухани жаңғыру бағдарламасының «Туған жерге тағызым» саласы аясында ономаст-ғалым Бердібек Нұралдаұлы Бияровтың «Алтай. Алтын бесік» атты кітап-альбомының тұсаукесері өтті.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Б.Н.Бияров Шығыста ономастика ғылымын қалыптастырушылардың бірі болып табылады. Оның бұрын жарық көрген «Өр Алтайдың жер-су аттары», «Жер-су аттарының сөзжасамдық үлгілері» монографиялары және 100-ге жуық жазылған ғылыми мақалалары түгелдей ономастикаға, оның ішінде топопнимикаға арналған.

Автордың көптеген ғылыми мақалаларында Шығыс Қазақстан облысының топожүйесі, оның ауыстыру, жаңғырту, ұлттық сипат беру сияқты өзекті мәселелері сөз болады. Облыстық Ономастикалық комиссиясының ғылыми сарапшысы ретінде шығыста ауыстырылған әр атауға өз пікірін білдіріп, атсалысып отырды.

Жаңадан шыққан «Алтай. Алтын бесік» кітап-альбом Қазақпарат ұжымының ғылыми жобасы бойынша, Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында жарық көріп отыр. Мұнда автордың Шығыс Қазақстанның жер-су аттары, қасиетті жерлері туралы тілдік-тарихи танымдық мақалалары топтастырылған. Мұндай кітап-альбом Қазақстанның 14 облысы бойынша әр автордың атымен басылып шықты.

Автордың «Алтай. Алтын бесік» атты жаңа кітап-альбомы туралы әріптесі Айгүл Әлімхан, кафедра меңгерушісі Айжан Картаева, жазушылар Әлібек Қаңтарбаев және Тоқтарбек Мағзұмовтар таныстырып өтті.

Тұсаукесерге филологтар, студенттер, оқушылар келді. Жиналған қауым авторға сауалдар қойып, сұхбаттасты.

А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

Қазақ
× You found a Typo