Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Алтай техникалық университетінің делегациясы ШҚМУ-да болды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға И. Полузнов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінің (Барнаул, Ресей) делегациясы келді.

Ресей тарапынан АМТУ ректорының кеңесшісі Лев Коршунов, ғылыми және халықаралық қызмет жөніндегі проректор Андрей Свистула, Үлкен Алтайды кешенді зерттеу институтының жетекші маманы Николай Никонов болды.

ШҚМУ тарапынан оқу орнының ректоры, профессор Мұхтар Төлеген, СД және ҒЖ жөніндегі проректор Ирина Ровнякова, Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхана меңгерушісі Бауыржан Рахәділов, халықаралық ынтымақтастық және шетелдік студенттерді тарты бөлімі басшысының міндетін атқарушы М. Серіков болды.

Кездесуде биотехнология, ІТ-технология, ядролық физика, суды зиянды заттардан тазарту салаларында ынтымақтасу, бірлескен ғылыми журналдар шығару мүмкіндіктері талқыланды.

Барнаулдықтар азық-түлік өнімдерін өңдеу, тағамдық және экологиялық қауіпсіздік, магистратурада ағылшын тілінде оқыту және өзге де бағыттар бойынша серіктестік орнатуды ұсынды.

-Сіздерді әріптестік орнатуға шақырамыз, – деп түйіндеді меймандар.

Кездесу соңында екі жақ кәдесыйлармен және ЖОО туралы буклеттермен алмасып, естелік суретке түсті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo