Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық конференциясының секциялық жұмыстары ШҚМУ-да өтті

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты дәстүрлі халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Рухани жаңғыру» орталығында секциялық жұмыстар болып өтті.

Конференцияның секциялық жұмыстары С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың әкімшілік ғимаратындағы «Рухани жаңғыру» орталығында жалғасын тапты.

«Түркі әлемі мәдениеттер диалогы контексінде: философия, филология, мәдениеттану» және «Алтай – ғаламның қасиетті орны: тарихи-мәдени мұра» атты секция отырыстарында түркітанушы, профессор Сартқожа Қаржаубайұлы, Әзірбайжан ұлттық ғылым академиясы, археология және этнография институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы Тахир Шахбазов, Шығыс және Азиялық зерттеу институтының, Бонн университетінің профессоры Кенжеахмет Нұрлан, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры А. Исин, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті Ғ. Омаров және ШҚМУ ғалымдары ғылыми баяндамаларымен таныстырды.

Ғылыми баяндамаларды талдауға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары мен студенттері белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

Қазақстан тарихы кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo