Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Алтайтану» ҒЗО ғылыми қызметкері форсайт бойынша халықаралық конференцияға қатысты

Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, «Алтайтану» ҒЗО бас ғылыми қызметкері Э.О.Столярова «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының көпайлық жобасының қорытындысын шығарған халықаралық конференцияға қатысты.

Айта кету керек, бұл жоба көп жағдайда шын мәнінде инновациялық болды: Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік процестер саласында болжау үшін форсайт әдісі қолданылды, мұндай ауқымдағы іс-шараны алғаш рет онлайн режимінде ұйымдастыруға және өткізуге қол жеткізілді.

Форсайт-технология – бұл қысқамерзімді және ортамерзімді перспективаға арналған әлеуметтік процестердің дамуын жоғары дәл болжау. Форсайт-болжамдардың негізі brainstorming («ми шабуылы») барысында алынған сараптамалық бағалаулар болып табылады.

«Рухани жаңғыру» ҚҚДИ КЕАҚ жобаға қатысуға әлеуметтік теория мен практиканың түрлі салаларындағы республикалық және шетелдік сарапшыларды тартты. Осы сарапшылардың қатарында әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Алтайтану» ҒЗО бас ғылыми қызметкері Элеонора Олеговна Столярова бар.

Қорытынды конференция барысында осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында өткен үш форсайт-сессияның қорытындысы ұсынылды. Сессиялардың әрқайсысы өзекті мәселелердің біріне арналды: «Қазақстанның халықаралық аренадағы орны» (зерттеу көкжиегі – 2035 жыл), «Инклюзивті ойлауды және инклюзивті қоғамды қалыптастыру» (зерттеу көкжиегі – 2035 жыл), «Болашақ қазақстандықтың бейнесін қалыптастыру» (зерттеу көкжиегі – 2035 жыл).

Әрбір бағыт бойынша бүгінгі күннің негізгі үрдістері мен трендтері анықталды, дамудың қалаулы сценарийлері анықталды және ықтимал тәуекелдер белгіленді. Жұмыстың нәтижесі сарапшылар ұсынған форматтар мен саясаттар, технологиялар мен тетіктер болды, олар біз өмір сүргіміз келетін болашақты құруға ықпал етеді.

Жобаны ұйымдастырушылар – «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ қызметкерлері тұжырымдаған маңызды ұсынымдардың бірі нақты аумақтардың форсайтын өткізу болды.

Шығыс Қазақстан облысы сараптамалық қоғамдастығының қолынан бұл келеді және біздің университет бастамашы бола алады және өңіріміздің даму процестерін әлеуметтік болжау үшін алаң ұсына алады.

«Алтайтану» ҒЗО

Қазақ
× You found a Typo