Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Алтайтану» ҒЗО түркі-моңғол әлемінің этносаяси процестері жөніндегі халықаралық жобаның жұмыс тобына енді

ШҚУ-дың «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы Алтай мемлекеттік университетінің (Барнаул қ., РФ) мемлекеттік тапсырмасы шеңберінде «Үлкен Алтайдың түркі-моңғол әлемі: тарих пен қазіргі замандағы бірлік пен әртүрлілік» халықаралық жобасының жұмыс тобының құрамына кірді.

6 қарашада «Тарихи динамика мен қазіргі кезеңдегі түркі-моңғол әлеміндегі этносаяси, этносаралық және ұлтаралық процестер» жобалық тобының алғашқы жұмыс отырысы өтті. Жұмыс тобының құрамына Алтай мемлекеттік университетінің, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (түркология және алтаистика ғылыми-зерттеу орталығы), Қырғыз ұлттық университетінің, Томск мемлекеттік университетінің, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің («Алтайтану» ҒЗО) ғалымдары кірді.

АлтМУ профессоры Юлия Лысенко «Үлкен Алтайдың түркі-моңғол әлемі: тарих пен қазіргі замандағы бірлік пен әртүрлілік» жобасының тұсаукесерін жасады.

Қатысушы университеттер кездесу барысында түркі-моңғол әлеміндегі этносаяси, этносаралық және ұлтаралық үдерістер саласындағы өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері туралы айтып берді. Одан кейін түркі-моңғол әлеміндегі тарихи динамика мен қазіргі кезеңдегі этносаяси, этносаралық және ұлтаралық үдерістерді дамыту мәселелері бойынша 2021 жылға арналған бірлескен пәнаралық зерттеулер бағдарламасы талқыланды.

Алтай мемлекеттік университетінің президенті С.В. Землюковқа, АМУ ректоры С.Н. Бочаровқа, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Ә. Төлегенге жобаны іске асыруға қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз.  

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo