Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Алтайтану» орталығы мен АлтМУ (Ресей) Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған вебинар өткізеді

26 ақпанда «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы Алтай мемлекеттік университетімен (Барнаул қ., Ресей) бірге ұлы ойшылдың 1150 жылдығына орай «Әл-Фараби: әлемдік зияткерлік мәдениеттің дамуына үлес» вебинарын өткізеді.

Осы оқиғамен «Гуманизм тарихы: идеядан – іске асыруға» халықаралық вебинарлар циклы басталады.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы биыл Шоқан мен Абайға арналған бірқатар халықаралық дискуссияларды жоспарлауда. Ұлы Жеңістің барлық Еуразия халықтары үшін мән-мағынасы туралы трансшекаралық диалог өтпек.

Цикл «Назарбаев: әлемді өзгертетін идеялар» вебинарымен аяқталады, онда Елбасының бұрынғы ұлы гуманистердің ойын іске асыруға қосқан үлесі талқыланады.

«Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы

Қазақ
× You found a Typo