Алтай мемлекеттік университетінің (Барнаул қ., РФ) студенттері мен оқытушылары С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да қонақ болып, «Субъективті құқықтарды сотта қорғау: тарнсшекаралық тәжірибе» дөңгелек үстеліне қатысты.
– Студенттер мен оқытушылардың бетпе-бет қарым-қатынасына жетер ештеңе жоқ. Конференцияға қатысушылар Қазақстан мен Ресейдегі субъективті құқықтарды сотта қорғау және ымыраға келтіру іс-шаралары бойынша тәжірибелерімен алмасты, – дейді ШҚМУ қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы, «Альтернатива» Шығыс Қазақстан медиация және құқық орталығы» ҚҰ басқарма төрайымы А. Каленова.
АлтМУ мен ШҚМУ арасындағы мұндай кездесулер дәстүрге айналған.
Баспасөз қызметі