Алтай мемлекеттік университетінің (Барнаул қ., Ресей) студенттері үшін «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығында «Ортақ тарих – ортақ болашақ» ғылыми-әдістемелік семинары өтті.
Семинарды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану ғылымының кандидаты Элеонора Олеговна Столярова өткізді.
Іс-шара Алтай мемлекеттік университеті студенттері мен оқытушылары тобының С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға сапары аясында ұйымдастырылды.
Семинар аяқталған соң студенттер сертификаттар алды.
Баспасөз қызметі