Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Алты дүркін әлем чемпионы қонаққа келді

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға қол күресінен әлем чемпионатында алты рет топ жарған спортшы Еркін Әлімжанов келді.

Білім ордасының әкімшілік ғимаратына спортты серік еткен көптеген студент жиналды. Одан бөлек, университет қабырғасында білім алып жатқан белсенді жастар шығысқазақстандық спортшымен жүздесуге арнайы келді. Білім ошағының тәрбие ісі жөніндегі проректоры А. Г. Төлемісов студент қауымына мейманды таныстырып өтті. Еркін Қайнолдаұлы спортқа қалай келгенін, қандай сайыстарға қатысып, жетістіктерге жеткен айтты. Айта кетейік, кездесу қонағы осы университеттің түлегі, дене шынықтыру мамандығы бойынша білім алған. Өзінің айтуынша, ірі жетістіктерге жетуіне университетінің үлесі зор.

 – Бұл білім ордасы – іргелі оқу орындарының бірі. Мен де бұл жерде білімімді шыңдап, үлкен жетістіктерге жеттім. Қаншама спорт шеберлері, әлемдік, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері шықты. Сол дәстүр күні бүгінге дейін жалғасып, студенттер үлкен додаларда жүлде алып жүр, – деді спортшы.

Жас спортшылар, университет белсенділері өз кезегінде қызықтырған сауалдарын қойып жатты. Кейбірі армрестлинг спортының әлем бойынша қандай маңызға ие екенін білгісі келсе, енді бірі маңызды жарыс алдында қалай жинақы шығуға болатыны сұрады. Жерлесіміз әр сұраққа толық әрі байыппен жауап берді. Қол күрес шеберінің айтуынша, көп жағдайда жақын достары, командаластары бір-бірін қайрап, жігер береді. Осыдан кейін қай қарсылас болмасын қарсы тұрарда қауқарсыз көрінеді екен.

 –  Көп елдердің спортшылары «намыс» деген сөзді басшылыққа алмайды. Ал отандастарымыз әркез осы сөзді көкейлеріне түйіп жүреді. Соңғы барып келген әлем чемпионатында ел құрамасы аз спортшымен барып, командалық есепте екінші орын иеленді. Аз болса да, жоғары жетістікке жетудің бір сыры осы намыстың арқасы, – деді ол.

Кездесу барысында әлем чемпионы барынша спортқа жақын болу керектігін айтты. Жас күнінде денсаулыққа көңіл бөлмеу, уақыт өте келе жарақаттарға да әкелуі мүмкін екенін жеткізді. Шара соңына қарай Еркін Қайнолдаұлы жастарға жылы лебізін білдіріп, ұстаздарына үлкен алғысын білдірді. Кездесу соңында барлығы естелік суретке түсті.

Әділхан Есімханов,

журналистика мамандығының 3 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo