Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Аманжолов университеті Наурызды кең ауқымда атап өтті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Әз Наурыз – атамнан жеткен мұрам» атты Ұлыстың Ұлы күнін тойлауға арналған кең көлемді мерекелік іс-шара болып өтті.

№4 және №5 Студенттер үйлері арасындағы алаңшаға екі киіз үй тігіліп, концерттік сахна қойылды.

Мереке түрлі ұлттардың тағамдарын ұсынудан басталды. Факультеттер мен колледж студенттері және оқытушылары Ресей, Моңғолия, Корея, Арабия, Кавказ халықтарының тағамдарын, тұрмысын, мәдениетін, ұлттық киімдерін көрсетті.

Киіз үйлерде қазақи киім киген қыз-келіншектер қонақтарға Наурыз көже, бауырсақ, қуырдақ, палау, бесбармақ, қазы, шелпек, шақ-шақ, қымыз сынды ұлттық тағамдар ұсынды. Дәмді палау сырттағы барша жұртқа да таратылды.

Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, әйгілі стилист, Париждегі Haute Coiffure Franciase 2017 Loreal Professionnel байқауының жеңімпазы Владимир Дубинин, оқу орнының ардагерлері мерекенің құрметті меймандары болды. Әсем Бекқызы тұсаукесу рәсіміне қатысып, бүлдіршіннің тұсауын кесті.

– Наурыз – достық пен келісімнің мерекесі. Әкімдік оқушыларымыздың облыстағы жоғары оқу орындарына түсуін, өңірде еңбек етуін өз алдына негізгі міндет етіп қойып отыр. Осы жылы әкімдік сұранысы бар мамандықтарға 400 грант бөледі. Грант жеңген жастар осы университетті таңдайды деп үміттенеміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда бізге ШҚМУ көп көмек көрсетуде. Оқытушыларыңыз облыс кітапханалары мен мектептеріне арналған басылымдар – атластар, карталар мен монографиялар әзірлеуде. Сондықтан, құрметті студенттер, сіздер осы оқу ордасында оқып жүргендеріңізді мақтан тұтуларыңыз тиіс, – деді ол.

Жерлесіміз Владимир Дубинин де Наурызбен құттықтап, жастарды өз күштеріне сенуге шақырды, оның айтуынша, сеніммен кез келген биікті бағындыруға болады.

– Өткен жылы бөлінген 200 грант үшін айырықша ризашылығымды білдіргім келеді, биыл олардың саны екі есеге өсіп, 400-ді құрап отыр. Шығыс Қазақстан – студенттерге грант бөле бастаған алғашқы өңірлердің бірі. Барша қолдауларыңыз үшін айтар алғысымыз шексіз! – деді өз сөзінде ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген.

ШҚМУ ректоры мереке аясында үздік оқытушылар мен студенттерді марапаттады, атап айтсақ алғыс хат алған оқытушылар арасында Е.В. Савчук, И.К.Мацкевич, А.М. Әбілмажина, Г.К. Көмекова, Н.А. Нұрсейітов бар.

Мұнымен қоса, жатақханалар байқауында №3 және №4 Студенттер үйлері плазмалық теледидар, №5 Студенттер үйі теннис үстелін жеңіп алды.

Концертте танымал әншілер, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, ШҚМУ студенттері Дина Мырза мен Юлия Юрочкина, «ВИВА» дуэті, Гүлден Болатова, Алиса Малышева және өзге әртістер өнер көрсетті. «Қара жорға» флешмобына бишілер ғана емес, көрермендер де белсенді қатысты.

Мереке студенттерге арналған ұлттық спорт сайыстарымен және би думанмен аяқталды.

Баспасөз қызметі,

фото А. Попова

 

Қазақ
× You found a Typo