Университетте Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Отырыста директорлар кеңесінің, Басқарманың, Корпоративтік хатшының, Ішкі аудит қызметінің және Комплаенс – қызмет басшысының қызметіне бағалау жүргізу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, университеттің білім беру бағдарламаларына оқытушыларды қабылдау ережелері, 2023-2024 жылдарға арналған оқу ақысы қаралып, бекітілді. Университеттің комплаенс қызметінің жұмысы туралы есеп тыңдалып, келесі жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.