Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Анатолий Лаптевпен кездесу

3 ақпан күні А.С. Пушкин атындағы кітапханада көрнекті қазақстандық кинодокументалист Анатолий Лаптевпен шығармашылық кездесу өтті.

Өскемен қаласының Құрметті азаматы, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты Анатолий Павлович Лаптев 32 деректі фильм мен көптеген сюжет, репортаж, очерктің авторы. Оның жарты ғасырдан астам түсірген әрбір туындысы өлкеміздің ғажайып табиғаты мен адамдарын айырықша сипаттайды. Аталған кеш автордың «Седьмой континент» кітабының жарыққа шығуы мен 75 жылдық мерейтойына арналды. Кешке жиналған қонақтардың көпшілігі алғаш рет Анатолий Лаптевтің танымал совет киносының актері Иннокентий Смоктуновскимен сұхбатын тамашалады.

Кездесуде А. Лаптев фильмдері мен репортаждарынан үзінділер көрсетіліп, Предгорный селосынан «Товарки» ансамблінің орындауында ол кісінің сөзіне жазылған «Родина предков», «Рахмановские тёплые ключи» әндері шырқалды. Кеш жүргізушілері қаламыздағы «Мой город» қоғамдық қорының директоры, Ресей жазушылар Одағының мүшесі Геннадий Пуссеп пен біздің кітапхананың маманы Жанна Сақпанова мерейтой иесін құттықтап келген барлық қонақтарға сөз берді. Мерейтой иесін құттықтап және облыс әкімінің грамотасын табыстап, облыстық маслихат хатшысы В. Головатюк, облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпқызы және ШҚО бойынша ҚР Сыртқы істер Министрлігінің консулы Совет Қапанұлы ізгі тілектерін білдірді. «Седьмой континент Анатолия Лаптева» кітабының 3 данасын авторға ұсынды. Анатолий Павлович бұл кітаптарды біздің кітапханаға және облыстық маслихатқа сыйға тартты.

Досы әрі әріптесі Геннадий Пуссеп мерейтой иесіне Анатолий Лаптевтің «Мадонны таежного края» деген атпен жаңадан басылып шыққан өлеңдер жинағын сыйлады.

Сондай ақ, Анатолий Павловичті құттықтап ақын, танымал қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов және СССР халық әртісі Асанәлі Әшімов өз бейне-құттықтауларын жолдады.

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

Қазақ
× You found a Typo