Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ардагер. Прокурор. Педагог. Анатолий Федотович Николенконы еске алуға арналады

21 қаңтар күні Өскемен қаласында 97 жастан асқан Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Анатолий Федотович Николенко қайтыс болды.

Шығыс Қазақстанның заңгерлер қауымдастығы Ұлы Отан соғысының ардагері және Қазақстан прокуратура органдарының, заң ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Анатолий Федотович Николенконың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты жақындарына қайғыра көңіл айтады.

А.Ф. Николенко 1924 жылы 13 қазанда Семей қаласында дүниеге келген, соғыс кезінде әуе ұрысының жоғары офицерлік мектебінде авиациялық механик болып қызмет еткен. Ардагер өзінің басты наградаларының бірі ретінде "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медалін санаған.

Анатолий Федотович Николенко ректор Ж.К. Уәлиевтің қарулас досы болды. 

Әскерде қызмет еткеннен кейін және соғыс аяқталғаннан кейін ол мемлекеттік қауіпсіздік органдарына жіберілді. Кейін Киров ҚазМУ-дың заң факультеті болып қайта құрылған Алматы мемлекеттік заң институтына түсті.

Университетті бітіргеннен кейін Анатолий Федотович Николенко ширек ғасыр бойы Шығыс Қазақстанның прокуратура органдарына қызмет етті. Мансаптық өсу сатылары – аға тергеуші, тергеу бөлімінің прокуроры, соттарда қылмыстық істерді қарауды қадағалау бөлімінің бастығы.

1984 жылы Мәскеуде криминалистика бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Анатолий Федотович 1972 жылы Алматыда жарық көрген "Әділет кеңесшісі" кітабындағы очерктердің бірінің кейіпкері болды. Онда оның Алтай (бұрынғы Зырян) ауданындағы ауыр қылмыстардың бірін қалай ашқаны баяндалады, сол үшін КСРО Бас прокуроры оны атаулы сағатпен марапаттады. Оның көптеген марапаттары болды. Айталық, 1979 жылы КСРО Бас прокурорының бұйрығымен оған мерзімінен бұрын аға әділет кеңесшісі атағы берілді. Сонымен қатар, ол "Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталған.

Отставкаға кеткен соң ол белсенді педагогикалық қызметпен айналысты. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жұмыс істей жүріп, заң білімі мен ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Ол заң факультеті мен оның кафедраларын құруға атсалысты. Дарынды заңгерлердің тұтас тобын тәрбиеледі.

Әріптестері, шәкірттері және Шығыс Қазақстан заңгерлер қауымдастығының өкілдері Анатолий Федотовичтің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Әріптестерінің, оқушыларының атынан

заң ғылымдарының докторы,

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты

Қ.Қ. Рахымбердин

Қазақ
× You found a Typo