- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Шын жүрегімнен, ұжымдағы барлық ер адамдардың атынан Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Көктемнің осы шуақты күнінде сіздерге табысты еңбек, шатыққа толы демалыстар мен мерекелер тілеймін!
Өздеріңізге айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер еш уақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Баршаңыздың отбасыларыңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!
Көктем мерекесі құтты болсын!
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры
Ә.У. Қуандықов