Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Археологиялық қазбаларға облыстың озық университеттері – ШҚМУ мен СМУ тартылады

Биыл Катонқарағай, Зайсан, Абай, Тарбағатай аудандарындағы тарихи орындар зерттеледі. Қазба жұмыстарына С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Шәкәрім атындағы СМУ тартылмақ.

Қазба жұмыстары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүреді, қаржыландыру екі есеге, 200 миллион теңгеге ұлғайтылатын болады.

Шығыс Қазақстан Еуразияның ірі металлургиялық орталығы болған. Қола, қалайы мен мыс құймалары археологиялық ескерткіштерде сақталған: балта, пышақ, сүйме, біз, балық күршегі, оқ, қанжар сынды заттар осы металдардан жасалған. Зайсан ауданында былтыр жүргізілген қазбалар б.д.д. 16 ғасырда ерте қола заманында осы маңда металлургияның дамығанын растады.

Облыста ерте темір дәуіріне тиесілі 1000-нан астам қорған бар. Көшпенділер темірден түйін түйген керемет шеберлер болған.

Облыс әкімі Д. Ахметовтің бастамасымен «2016-2018 жылдарға арналған Шығыс Қазақстанда археологиялық зерттеулерді дамыту бағдарламасы» қолға алынған. Осы бағдарлама аясында Берел, Шілікт қорғандары, Аблайкит ғибадатханасы зерттелді. Оларды жетекші археологтар З.Самашев, Ә. Төлеубаев, К.Байпақов жүргізді.

Олардан табылған жәдігерлер «Бабалар мұрасы» көрмесіне қойылған.

Баспасөз қызметі,

ШҚО ішкі саясат басқармасы

Қазақ
× You found a Typo